
Кит Феррацци, Тал Раз
2005 жылы жарық көрген бұл кітаптың негізіне адамдармен қарым-қатынас жасау өнерінің қыр-сырын меңгерген, «әлемдегі досы, таныстары мен әріптестері ең көп, бірден-бір танымал адам» - Кейт Ферраццидің өмірлік тәжірибесі арқау болған. Кейттің қойындәптерінде бес мыңнан астам адамның аты-жөні жазулы, олардың көпшілігі түрлі елдердің бірінші басшылары, әйгілі музыканттар, суретшілер мен баспасөз саласының ірі қайраткерлері. Жазушы өзгелермен қарым-қатынас жасаудың қаншалықты маңызды екенін, әсіресе бизнесіңді өрге бастыруда олардың көмегінің зор екенін өмірден алынған түрлі мысалдармен түсіндіреді. Адам мен адамның тіл табысуы, ортақ көзқарас қалыптастыруы нағыз өнер екенін баяндайды. Осы еңбектің жазылуына журналист Тал Раз да көп еңбек сіңірген.